381
Елімізде жыл басынан бері полиция қызметкерлері жасырылған бомбалар туралы хабарларды тексеруге 140 рет шыққан. Терроризм актісі туралы жалған хабарламалар бойынша 101 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-каналында жазылды.
Жалған террористердің қол сұғу объектілері:
— білім беру объектілері;
— көлік объектілері;
— СОО;
— елшіліктер;
— банктер және басқалар.
Өткен жылмен салыстырғанда мұндай хабарламалар бойынша 68%-ға көп қылмыстық іс қозғалды. 101 істің тек 12-сінде ғана қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды.
Жыл басынан бері «миналау» үшін 11 адам сотталды, оның 6-ы — бас бостандығынан айырылды.
Кейбір жағдайларда «бомбалаушылар» шетелден болып келеді.