482
Шымкентте 46 жастағы әйел жас қыздың құрығына түсіп қалды. Жәбірленушінің айтуынша, өзін жұмыспен қамту орталығының басшысы ретінде таныстырған бойжеткен оның 3,5 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарын алған. Бағалы заттарды сатып беретінін айтқан. Оның бұл сөзіне сенген әйел тауарын сеніп тапсырған. Бұл оқиға орталық ауласында болған екен.
«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті ретінде жергілікті жердің 25 жастағы тұрғыны қала аумағынан ұсталды. Оның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Тергеу амалдары жалғасуда» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.