Солтүстік Қазақстан облысындағы «ЗИКСТО» зауытында жолаушылар вагондары құрастырылады

417

«ЗИКСТО» зауытындағы ескі ғимараттарды бұзып жатырмыз. Оның орнына 2023 жылы жолаушылар вагондарын құрастыруға арналған ауданы 6 мың шаршы метр болатын жаңа ғимараттың құрылысы басталады», деп мәлімдеді журналистерге аймақ басшысы Құмар Ақсақалов.

ЗИКСТО «КТЖ-Экспресс» үшін жолаушылар вагондарын шығаратын болады. Зауытта білім мен біліктілік деңгейі бар. Қазір 300 вагонды құрастыруға келісім-шарт жасалып жатыр. Жолаушылар вагондарының екі түрі сертификатталды. Келесі айдан бастап жұмыс істеп тұрған цехтарда өндіріс басталады.

«Жолаушылар үшін біздің вагондар жайлы болмақ. Әрбір купеде теледидар мен кондиционер бар. Душ кабиналары орнатылған. Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бөлек дәретхана бар», дейді облыс әкімі.

Сонымен қатар кәсіпорын «КТЖ-Экспресс» компаниясына 2000 платформалық вагон шығару бойынша екі жылдық келісімшартты орындауда. Қазірдің өзінде 1234 платформалық вагон жеткізілді.

«Жалпы, зауыт тұрақты жұмыс істейді. Жаңа өнім дегеніміз — жаңа жабдықтарға инвестиция, жаңа жұмыс орындарының ашылуы, салықтың көбеюі. Өткен жылы кәсіпорын 222 миллион теңге салық төлеген. 9 айда 380 млн теңге салық төленсе, жыл қорытындысы бойынша 425 млн теңгеге жетпек», деп сөзін қорытты Қ.Ақсақалов. .

Предыдущая запись
Пассажирские вагоны начнут собирать на заводе ЗИКСТО в СКО
Следующая запись
374 холодных туалета снесут на республиканских автодорогах страны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню