Бұл туралы «Атамекен ҰКП» филиалының алаңында кәсіпкерлермен кездесу барысында Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мәлімдеді.
Бұл туралы Elitar.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
— «Қазақстан Темір Жолы»Ұлттық компаниясы»АҚ филиалы директоры-» Атырау магистральдық желі бөлімшесі» Е.Сапаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүзеге асырылуда, ол өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен кәсіпкердің 1 500 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын иемденіп, сол арқылы алаяқтық жасады», — деді Жахин.
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде Е. Сапаровқа қатысты Атырау қаласының тергеу соты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасын таңдады.
ҚР ҚПК-нің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді.
Осыған байланысты, біз өзге де жәбірленушілерді анықтау, сондай – ақ ұсыныстар мен ұсынымдар жинау, проблемалық мәселелерді, оның ішінде әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық көріністерін талқылау мақсатында ҚТЖ-мен тікелей өзара іс-қимыл жасайтын облыс кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырдық», — деді Нұрлан Жахин кездесуді аша отырып.
«Бізде ҚТЖ қызметінде бірқатар проблемалар бар. Көптеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Мәселен, Қазтеміртранс филиалының диспетчерлері мен басшыларының өтінімді қарауы және ҚТЖ филиалына өтінімді жолдауы сияқты маңызды кезеңдер ҚДКР АБЖ-да автоматтандырылмағандығы анықталды.
ҚТЖ тауар кассасы кәсіпкердің өтінімін алғаннан кейін Қазтеміртранс диспетчеріне өтінімнің бар екендігі туралы ДКР АБЖ арқылы емес, электрондық пошта арқылы хабарлайды. Әрі қарай келісу және мәселені шешу — вагондарды кімге тез беру керек, ал кімге бермеу керек. Кәсіпкерлер бір уақытта өтініш беріп, вагондарды әр түрлі уақытта, біреулері бір күн ішінде, біреулері бірнеше күннен кейін алған фактілер бар», — деп қорытындылады спикер.