384
Үндістан билігі Гамбияда 69 баланың өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатқан фармацевтикалық фабрикада өндірісті тоқтатты, деп хабарлайды euronews.com.
Бұған дейін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы балалардың бүйрек жеткіліксіздігінен қайтыс болуын Maiden Pharma шығарған жөтелге қарсы сироптарды қабылдаумен байланыстырған еді. Улы заттардың, диетиленгликольдің және этиленгликоль көрсеткіші жоғары болуы басты себептердің бірі болуы мүмкін.
«Бейбітшілік дәріханасы» ретінде белгілі Үндістан Африкаға барлық жалпы дәрі-дәрмектердің 45% жеткізеді.