Күзгі аптап ыстығы Еуропада рекорд орнатуда

384

Биылғы күзде Францияның оңтүстік-батысындағы ауа райы жаз маусымындағы аптап ыстыққа көбірек ұқсайды. Адамдар күнге қыздырынып, теңізде рахаттана демалуда. Осы аптаның соңында мұнда ауа райы болжамы бойынша 30 градусқа дейін ыстық күтіледі. Жергілікті тұрғындар күздің мұндай жаймашуақ болғанына, әсіресе жылуды қосудың қажеті жоқтығына қуанғанымен, табиғаттың тепе-теңдігінің бұзылғандығын сезінетіндей, деп хабарлайды euronews.com.

«Бұл қалыпты жағдай емес. Жылдың осы мезгілінде бізде аяз тұрушы еді, құстар да ұшпауы керек. Не болып жатқанын түсінбейміз? Ғаламшарға қауіп төніп тұр», — дейді Тулуза тұрғыны.

Тулузадағы Гаронна өзенінде әдетте сумен жабылған құрлық аралдары көріне бастаған.

Гароннаны барлау қауымдастығының президент Жан-Мишель Фабре бұл құбылысқа қатысты ойын былай білдіреді: «Осы жылы біз 10 шілдеде, 10 тамызда, 10 қыркүйекте және қазір 10 қазанда осы жерден өте алғанымыз таң қалдырады. Осылайша, төрт айда Гароннеттегі су деңгейі өте тайыз болды».

Бордода да ыстық ауа райы орнаған. Адамдар мұндай ерекше күздің себептері туралы ойлана бастады.

Малика, студент: «Қызықты сәт әрине, бірақ сонымен бірге біз әрқашан және бәрі жаһандық жылынумен байланысты болуы керек деп ойламаймын. Осы жазда қатты құрғақшылықты көрдік, ол бізді қатты алаңдатты. Не болатынын көрейік. Алдағы бірнеше жылда қазіргідей температура 25 желтоқсанда болса, бұл шынымен де алаңдатарлық жағдай болады».

Синоптиктердің болжауынша, биылғы күздің жоғары температурасына Африканың солтүстік-батысынан келетін жылы ауа массалары себеп болған. Күзгі аптап ыстық Батыс Еуропаны Ұлыбританияға дейін қамтитын болады.

Предыдущая запись
Осенняя жара в Европе бьет рекорды
Следующая запись
Токаев поручил в кратчайшие сроки запустить простаивающий сахарный завод в Жетысу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню