Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы болып үшінші рет қайта сайланды, хабарлайды Elitar.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып.
2012 жылдың қараша айында 18-ші сайланған ҚКП ОК бірінші пленумында Си Цзиньпин алғаш рет бас хатшы болып сайланды. 2017 жылдың қазан айында ХІХ съездің қорытындысы бойынша ол Компартияның Бас хатшысы болып қайта сайланды.
ҚКП ОК осы жексенбіде, 23 қазанда өзінің саяси бюросының (Жоғарғы партия органы) Тұрақты комитетінің құрамына жеті адамды сайлады.
Си Цзиньпин және 19-шы ҚКП ОК Саяси бюросының бұрынғы ПК мүшелері Ван Хунин мен Чжао Лэцзимен бірге олардың қатарына ҚКП ОК хатшылығының бастығы Дин Сюэсян, Шанхай және Гуандун парткомдарының хатшылары Ли Цян және Ли Си, сондай-ақ Бейжің парткомының хатшысы Цай Ци кірді.
Айта кетейік, ҚКП ОК жаңа құрамына 205 адам кірді. 20-шы сайланған ҚКП ОК құрамында 11 әйел бар. ҚКП ХХ съезі Бейжіңде 16-22 қазан аралығында өтті.
ҚКП ХХ съезі Бейжіңде 16-22 қазан аралығында өтті.