458
Алматы облысы Шелек ауылында адам өлімімен аяқталған жол апаты орын алды. Оқиға бүгін, 16 қараша күні сағат 14:00 шамасында болған. “Honda Avancier” маркалы автокөлігін тізгіндеген 34 жастағы жүргізуші Б.Момышұлы көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелімен солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өткен 12 жасар жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқушы алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды.
Polisia.kz мәліметінше, аталған факт Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды.