​Ақмолада ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Теги:
352

Ақмола облысында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысып келген ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Polisia.kz жазуынша, арнайы операция нәтижесінде ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті бөлімшелерінің қызметкерлері қылмыстық топтың 6 мүшесін құрықтады. Күдіктілердің жасы 26-дан 32 жасқа дейін. Қоқан-лоққы көрсетіп, күш қолдану арқылы ұсталғандар жергілікті кәсіпкерлердің бірінен 2,5 млн теңге бопсалап, оның Subaru Outback автокөлігін тартып алған. Бүгінгі күні қылмыстық топ мүшелерінің облыс аумағында бірқатар ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар екені анықталды. Жедел ақпарат бойынша бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктілер “ұрылар идеологиясын” ұстанып, оны жастар арасында насихаттаған. Сондай-ақ топ мүшелері қару қолданып, ақша бопсалаған. Мұнда олар талап қою үшін жалған сылтауларды қолданған. Тінту барысында олардан жәбірленушілерді қорқыту үшін қолданылған есірткі, суық және атыс қаруы тәркіленген.

Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 194-бабының 2-бөлігімен “Бопсалау” сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Алдыңғы пост
Шымкентте керемет жарыс өтті
Келесі пост
​Шымкентте 33 жастағы келіншек көпқабатты үйдің шатырынан секіріп кетпек болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu