386
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында орналасқан №51 РММ төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеушілер арасында жанжал болған. Оқиға кеше 9 қарашада орын алды.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, 1994 және 1976 жылы туған жазасын өтеушілер ерегісіп, бірі екіншісінің басына соққы жасаған. 46 жастағы ер кісі Айыртау ауданының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, есін жимастан қайтыс болды.
Бұл факті Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша (Кісі өлтіру) тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.