​Пәтер алмақ болған Шымкенттің тағы бір тұрғыны алаяққа алданды

Теги: ,
335

Шымкентте мемлекеттік бағдарламамен пәтер алмақ болған тағы бір тұрғын алаяқтың құрбаны болды. Осылай деген әйел азаматы полицияға арызданған. Оның айтуынша, танысы екі ай ішінде Шымкент қаласынан пәтер алып беремін деп, 5 миллион 650 мың теңгесін алған.

Полиция департаментінің мәліметінше, тұрғынның арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Көп ұзамай күдікті ұсталды. Ол Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны болып шықты. Зейнеткер әжей мұнай саласында жұмыс жасаған. Күдікті бұған дейін де алаяқтық қылмыс жасағаны үшін сотты болған екен.

Қазіргі уақытта зейнеткер уақытша ұстау изоляторында қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
450 мың қазақстандық жұмыссыз отыр
Келесі пост
​Өмірден түңіліп кеткен бойжеткен көпірден секіріп өлмек болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu