Қазақстанның шалғай елдімекендерінің 80 000 астам тұрғынына тегін медициналық көмек көрсетілді

306

6 ай бойы шалғай елдімекендерді аралап, халыққа тегін медициналық көмек көрсеткен «Медициналық пойыздар» қайырымдылық жобасының аяқталуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Медициналық пойыздар» жобасының басты мақсаты – еліміздегі сапалы медициналық қызметке қол жеткізе алмай отырған, шалғайда жатқан станциялар мен оларға жақын орналасқан елдімекендердің тұрғындарын тегін медициналық тексеруден өткізу.

Биыл Қазақстанның шалғай бекеттерінде заманауи диагностикалық жабдықтар орнатылған «Саламатты Қазақстан» және «Жәрдем» медициналық пойыздарының мамандары көмек көрсетті.

Медициналық пойыздар бүкіл Қазақстанды аралады: «Жәрдем» – Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстарына; «Саламатты Қазақстан» Алматы, Жетісу, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Қарағанды мен Ұлытау облыстарына барды.

6 айда пойыз мамандары 147 бекеттін тұрғындарын демалыссыз қабылдады. Жұмыс барысында барлығы Қазақстанның 80 649 тұрғынына емдеу-консультациялық қызмет көрсетіліп, оның ішінде 21 867 бала қаралды. 5 097 шағын хирургиялық операция жасалып, 26 587 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді. «Жәрдем» медициналық пойыз мамандары 59 бала сүндеттелді. Медициналық пойыздарда барлығы 389 388 дәрігерлік қабылдау болды. Жолдың жалпы ұзындығы – 22 009 шақырым.

Салыстыра кетсек, пандемияға дейінгі 2019 жылы жобаға қатысқан мамандар 273 елдімекенді аралап, 63 000-нан аса тұрғынға медициналық көмек көрсетті. Ал дәрігерлерге қаралудың жалпы саны 209 249-ды құрады.

«Жалпы «Samruk-Kazyna Trust» қорының 2022 жылға арналған қайырымдылық бюджеті 10 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 9 айда 7,1 млрд теңге игерілді. Бұл ретте ел бойынша 44 жоба іске асырылуда, оның 30-ы биыл Қамқоршылық кеңестің мақұлдауына ие болды.

Сол жобалардың бірі – «Медициналық пойыздар». Біздің Қор 760 миллион теңгеге жуық қаржыға қызметін толық қамтамасыз еткен жобаның арқасында шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетілді.

Біз үшін бұл жобаның маңызы зор. Өйткені осының арқасында халық денсаулығын жақсартуға, алыс аудандар мен ауыл тұрғындарына қажет қызмет түрлерін қолжетімді етуге мүмкіндік туды», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

Дәрігерлердің айтуынша, тұрғындарды тексеру кезінде қант диабеті, глаукома, липома, артроз, созылмалы холецистит, созылмалы панкреатит, аллергиялық дерматит аурулары кеңінен таралғаны байқалған. Онкологиялық аурулардан бөлек, тағы жиі кездесетін дерттің бірі – инсульт. Тұрғындардың арасында невропатолог, хирург, көз, құлақ және мұрын дәрігерлеріне сұраныс көп болды.

Жоба алғаш рет 2010 жылы іске қосылып, 2019 жылға дейін жыл сайын іске асырылып келді де, коронавирус індеті кезінде үзіліс алды. Осы кезең ішінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» атты үш консультациялық-диагностикалық пойыз Қазақстанның шалғайда орналасқан 1870 елдімекенін аралап, 569 530 тұрғын тексеруден өтті. 17 078 шағын хирургиялық операция жасалып, 148 546 адамға стоматологиялық көмек көрсетілді.

Алдыңғы пост
Қазақстандықтар «ҚазМұнайГаз» акцияларының 5 пайызын сатып ала алады
Келесі пост
Қазақстанда бір жылда азық-түлік 23 пайызға қымбаттады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu