Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында аяқталуы 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған жолайрық құрылысы жүргізілуде. Осылай деген жергілікті билік өкілдері үш деңгейлі жолайрық 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді. Бұл аталған көшелерде көлік кептелісін болдырмауға зор септігін тигізеді дейді жауаптылар. Яғни, қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, әзірге Бәйдібек би даңғылымен солтүстіктен оңтүстік бағытта қозғалатын көліктерге Арғынбеков көшесіне батыс бағытта оң жақ бұрылу жолы ашылады. Және Арғынбеков көшесімен шығыстан батыс бағытқа қозғалатын көліктерге Бәйдібек би даңғылына солтүстік бағытта оң жақ бұрылыс жолы пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, сол күні Бәйдібек би даңғылы екі бағытта толығымен жабылатын болады. Аталған көшеге балама жол ретінде Жүсіпов көшесі қарастырылған. Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын шаhар басшысы Мұрат Әйтенов құрылыс нысанын аралап шыққан болатын. Мақсат, жұмыс барысының кезеңдік кестелерге сәйкестігі мен сапасын тексеру. Осы ретте, бірқатар ескертулер жасап, ел игілігіне берілетін нысан сапасының маңыздылығын атаа тоқталған. Айта кету керек,жолайрықтың техникалық сипаттамасына сәйкес, “Бәйдібек би” даңғылында 700 м. “Арғынбеков” көшесінде 921 м. көше аралығында құрылыс жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер жолағы және веложол төселеді деген жоспарда бар. Қазіргі уақытта “Арғынбеков” көшесі бойымен тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал “Бәйдібек би”даңғылында көпір өткелінің конструкциялары орнатылып жатыр.
Арғынбеков көшесінен бәйдібек би даңғылына өтетін жол қозғалысы қарашаның 1 күні сағат 15:00 де ашылды
Теги: Қазақстан жаңалықтары
342
Видео
Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді