​Диплом алмақ болған шымкенттік жігіт жарты млн ақшасынан айырылды

Теги: , ,
352

Танысына сенген Шымкент тұрғыны 500 мың теңгесінен айырылды. Жәбірленушінің айтуынша, ер кісіге бес жылдан бергі танысы колледжде оқыды деген диплом алып беруге көмектесетінін айтқан. Ол үшін қомақты қаржыны санап алған. Уақыт өте уәдесін орындамай, хабарсыз кеткен.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, тұрғынның арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Жедел-іздестіру шарасы кезінде күдікті азамат тәулік ішінде қала аумағында ұсталды. Ол Кентау қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты, жұмыссыз. Бұрын-соңды сотты болмаған.

Күдікті алған ақшаны жаратып жіберген екен. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Предыдущая запись
​Шығыс Қазақстанда жол апатынан екі адам қайтыс болды
Следующая запись
​В Усть-Каменогорске ликвидировали секс-притон

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню