​Шығыс Қазақстанда жол апатынан екі адам қайтыс болды

Теги: ,
254

Оқиға 2 қараша күні «Өскемен-Риддер» автожолының 3-ші шақырымында болған. Глубокое ауданы Опытное поле ауылының бұрылысында «Nissan Note» және «Toyota Land Cruiser» маркалы автокөліктері соқтығысты.

Апат салдарынан жол талғамайтын «Toyota Land Cruiser» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Бір адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Олардың қорытындылары бойынша процестік шешім қабылданатын болады» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Аким Алматы лично прождал 33 минуты 32-ой маршрут
Следующая запись
​Диплом алмақ болған шымкенттік жігіт жарты млн ақшасынан айырылды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню