Бейнежазбадан орындықта отырған бала ақылды динамик құрылғының қасына жақындап, «Алиса, Қазақстан әнұранын қойшы» деп айтады. Құрылғыдан Мемлекеттік гимн шырқалады. Осы сәтте бүлдіршін орнынан тұрып, оң қолын кеудесіне қояды. Әнұран шырқалғанда оның әпкесі мен анасы да орнынан тұрап қалып, гимнді бірге шырқайды. Екеуі де қолдарын кеуделеріне қояды.
Видеоны көрген желі қолданушылары бүлдіршін мен оның отбасының патриоттығына риза болды.
«Тамаша! Отанды сүюді осылай бала күннен бастап үйрету керек», «Өте әдемі», «Қандай мықтысыздар», «Қыздардың анасы, сізге қызығамын. Жақсы тәрбие беріп отырсыз», «Алиса да баланы бірден түсінген», «Кішкентай ғана патриот», «Жарайсыздар, тату-тәтті отбасы», «Патриот жанұя», «Ақылды өзі», «Қазақстан әнұранын сұраған жүрегіңнен айналайын, ботам» деп жазды желі қолданушылары.