​Бір кеште екі қызды зорлаған жас жігіт сотталды

Теги: ,
270

Ақмола облысында бір басқосуда екі қызды зорлап кеткен жас жігітке сот үкімі оқылды. Оқиға 4 қаңтарда Астрахан ауданында болған. Жеке үйлердің бірінде бір-бірімен таныс жігіттер мен қыздар бас қосқан. Алкоголь өнімін ішкеннен кейін жігіттердің бірі екі қызды зорлаған. Сот-медициналық сараптаманың нәтижесімен зорлау фактісін растайтын дәлелдер мен жәбірленушілердің дене жарақаттары анықталған.

Оқиғаның ертеңіне жәбірленуші бойжеткендер полицияға арызданған. Полицейлер олардың шағымы негізінде Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеуді жүргізді.

Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жиналып, сотқа жолданды.

«Атбасар аудандық соты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылған Астрахан ауданының 27 жастағы тұрғынын кінәлі деп таныды. Сот үкімімен оған 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Предыдущая запись
​«Алиса, гимн қойып берші»: Патриот бүлдіршіннің видеосы тарады
Следующая запись
​Воинская часть 6637 отметила свое 60-летие

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню