Түрістандағы автоматтандырылған сүт фермасы: күніне 480 сиырды 8 робот сауады

517

​Түркістан облысында сүт өңдеу белсенді дамып келеді. Бүгінде өңірде 26 ферма мен 20-ға жуық өңдеу цехы жұмыс істейді. Жақын арада облыста шағын цехтар да ашылады. Себебі инвесторлар ірі зауыттарға қарағанда шағын цехтарды дамытуға көбірек қызығушылық танытады, дейді мамандар.

Бадам ауылындағы сүт фермасы 4 жыл бойы жергілікті тұрғындардың тұрақты жұмыс орнына айналды. Бүгінде кәсіпорында жүзге жуық адам жұмыс істейді. Бірінші жылы Венгриядан 400 сиыр әкелінді, бүгінде олардың саны 1200-ден асады. Асыл тұқымды жануарлар күніне 28-30 литрге дейін сүт береді. Күн сайын 480 сиыр сауылады. Бұл жұмыстың барлығын 8 робот орындайды. Бір адам бір уақытта екі машинаны басқарады.

«Сүт мөлшеріне байланысты роботтар5а сиырларды саууға 8-ден 12 минутқа дейін уақыт кетеді. Біз заманауи технологиялармен жабдықталғанбыз, барлық процестер роботтандырылған. Мысалы, егер біз бір сиырға белгілі бір сүт мөлшеріне қарай 4,5 кг жем берсек, онда робот алдағы уақытта да сиырларға осындай норманы береді», — дейді ферма меңгерушісі Бауыржан Бақтыбаев.

Ферманың ішкі жұмыстары да арнайы роботтарға жүктелген. Сиырларды сауу, оларды ұстау орындарын тазарту, сиыр қораларын салқындату және жылыту, ішіндегі жеткілікті жарық – мұның бәрін ақылды құрылғылар мен камералар басқарады. Ал зауытта тәулігіне ондаған тонна сүт өңделеді.

«Өндіріс процесінде біз табиғи өнімдерді-қоспаларсыз және консерванттарсыз шығаруға өте байыпты қараймыз. Осының арқасында біздің өнімге сұраныс өсіп, тауар ассортименті артып келеді», — дейді зауыттың бас технологы Зылиха Абдулдаева.

Дайын өнім Шымкентке және Түркістан облысының түрлі аудандары мен қалаларына жеткізіледі. Жалпы, қазір өңір бойынша 26 шаруашылық мал өсіріп, сүт сатуда. Алайда, бүгінде облыста сүтті өңдеу мәселесі өзекті болып отыр.

«Мақтаарал және Жетісай аудандарында сүт өнімдерінің көп мөлшері өндіріледі. Бірақ өңдеу цехтары жоқ. Сондықтан біз инвесторларды іздеп, оларға Сайрам ауданындағы шағын және орта кәсіпорындарды көрсетеміз. Біз үлкен өндірістерді қарастырмаймыз. Шағын цехтарға баса назар аударамыз, мұндай кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау қарастырылған», — деді Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ерұлан Жәнібеков.

Мұндай инвестициялық жобаның көлемі 10 млн теңгеден басталады. Қазір оны көпшілік қызықтырады. Өнімді сататын және өңдейтін кәсіпкерлерге мемлекет субсидия төлейді. Қаржылық қолдау өндірілген өнімнің әрбір литрі үшін төленеді.

Предыдущая запись
Автоматизированная молочная ферма в Туркестане: восемь робот ежедневно доят 480 коров
Следующая запись
Казахстанская студентка погибла в давке в Сеуле – МИД РК

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню