332
Шымкенттегі базарлардың бірі Республика күнін ерекше атап өтті. Олардың айтулы мерекедегі жұмыс күні еліміздің Мемлекеттік әнұраны шырқалуымен басталды. Оның видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Видеодан сатушылардың топ болып жиналып, оң қолдарын кеуде тұсына қойып тұрғанын көруге болады. Бұл сәтте базар ішінде гимн шырқалады. Бұл сауда орнына келген сатып алушыларды да таң қалдырған сияқты.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушылры базар әкімшілігінің бұл бастамасына ризашылықтарын білдірді.
Еске салсақ, 16 маусымда Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын.