Астана мектебіндегі оқыс оқиға: Директордың үстінен іс қозғалды

Теги: , ,
143

Астанада №14 мектеп-гимназияның оқушысы 2-қабатқа көтеріліп бара жатып, баспалдақтан құлап кеткен болатын. Оны сыныптасы итеріп жіберген көрінеді. Бала шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда мектеп директорының үстінен іс қозғалды. Бұл туралы балалар омбудсмені Динара Закиеве Facebook парақшасында жазды.

«Баланың анасымен байланыстамын. Қазіргі уақытта оқушының жағдайы орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді, нұсқауларды орындайды. Когнетивті функциясы сақталған. Қарашығы бірдей, фотореакция сақталған. Комаға түскен жоқ. Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің оқу жылына дайындық сапасы бойынша тексеру жүріп жатыр», – деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева.

Ал “НеМолчиKZ” қорының жетекшісі Дина Смаилованың Instagram парақшасындағы жазбасына сүйенсек, мектеп баспалдағынан құлап кеткен бала  үш күн бойы жансақтау бөлімінде комада жатқан.

Алдыңғы пост
Биыл алғаш рет ұстаздардың кәсіби мерекесі 5-қазанда атап өтіледі
Келесі пост
Көпбалалы әке үйінің шатырында есірткінің үлкен партиясын сақтаған

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu