​Қостанайда тұрғын үй ваннасынан жылан табылды

Теги: ,
396

Қостанай тұрғыны үйінің жуынатын бөлмесінен оралған жыланды көріп, дереу полицияға хабар берген. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Оқиға 20 қазанда болған. “102” пультіне жергілікті тұрғынның үйіндегі жуынатын бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар барған.

«Өтінішті алғаннан кейін біз мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр болатын жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын біз қазір анықтап жатырмыз. Оны біреу үйінде ұстаған тәрізді. Қазіргі уақытта біз иесін іздеудеміз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді», – деді учаскелік полицей.

Мамандардың айтуынша, ұсталған жылан — кәдімгі су жыланы. Айта кетейік, қазан-қараша айларында су жыландар әртүрлі шұңқырлар мен саңылауларға еніп қыстайды.

Предыдущая запись
​Өзбекстаннан келген қойшы асыл тұқымды қошқарларды сатып жіберген
Следующая запись
Произведения казахстанских писателей переведут на популярные языки мира

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню