Жетісу тігін фабрикасында негізінен әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар жұмыс істейді

371

​Мемлекет басшысы Жетісі облысына жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласында биыл маусым айында ашылған «Айсұлу» Жетісу тігін фабрикасы» ЖШС жұмысымен танысты, деп хабарлайды Elitar.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Фабрика халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды көптеп жұмысқа алған. Атап айтқанда, 26 көп балалы ана, 36 жалғызбасты ана, 11 мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет етеді.

Фабрика басшысы Президентке өндіріс орнында қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалғанын және қызметкерлерге үш мезгіл тегін тамақ берілетінін, жұмысшыларды тасымалдау үшін тиісті көлік қарастырылғанын баяндады.

Заманауи тігін жабдықтарына ие кәсіпорын бүгінде бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар (бетперде, халат, комбинезон) және арнаулы киім формаларын тігеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев фабриканың өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлгі болатынын айтты.

Президент фабриканың жұмысын жоғары бағалап, өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.

Алдыңғы пост
​Кәсіпорын қызметкерлері жодауға қолдау көрсетті
Келесі пост
​Қыз ұзатудағы даяшы жігіттердің әрекеті желі қолданушыларын қыран-топан күлдірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu