Қазақстанда алғаш рет құтқарушылардың күрделі қызметі туралы сериал түсірілді

383

​Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстанда алғаш рет Өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының имиджін арттыруға бағытталған «Төтенше жағдай» телехикаясын жарыққа шығады. Бұл туралы Elitar.kz Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Төтенше жағдай» телехикаясын құтқарушылардың күнделікті өміріндегі шынайы оқиғалар негізінде түсірілген, бұл таулы — орманды жерлерде, тұрмыста, су айдындарында халықтың іс-әрекетіне, сондай-ақ күнделікті өмірдегі тіршілік қауіпсіздігі негіздеріне бағытталған оқыту элементтерін қамтиды.

Бұл жобаның түсіріліміне отандық киноматография актерлері, сондай — ақ ТЖД, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының, Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері тартылды, деп атап өтті аталмыш ведомствода.

Сериаолдың сюжеті табысты кәсіпкердің інісінің баласы Асланның өмір салтына көз жұмудан шаршауынан басталады. Тәрбиелеу мақсатында ол оны Алматы қаласының ТЖ департаментіне жұмысқа орналастырады. ТЖД қызметінде Аслан Төтенше жағдайларды жою басқармасы командасының құрамына кіреді. Оның командасы қаладағы барлық төтенше жағдайларға ден қояды, кезекшілікке кіріседі, өртті сөндіреді, адамдарды құтқарады және сонымен бірге қалыптасқан ұжыммен достасуға тырысады. Уақыт өте келе Аслан құтқарушының жұмысы ол ойлағандай оңай емес екенін және әріптестерінің құрметіне ие болуға тырысу керек екенін түсіне бастайды.

Телехикаяның премьерасын «ТЖД Алматы» YouTube каналынан, Facebook Almaty_tjd көруге болады.

https://www.youtube.com/watch?v=FVKOqlqwsfQ

Предыдущая запись
Впервые в Казахстане сняли сериал о нелегкой службе спасателей
Следующая запись
​Это хороший показатель – Мурат Айтенов о дорожных работах

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню