Солтүстік Қазақстанда улы ойыншықтар нарықта сатылып келген

Теги: ,
195

Солтүстік Қазақстан облысындағы сауда орындарында техникалық регламент талабына сай келмейтін ойыншықтар сатылып келген. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова айтты. Оның мәліметінше, сауда орындарынан 129 түрлі ойыншықтың үлгісі сатып алынған. Мамандар оны зерттелген. Оның 76-сында, яғни 60% техникалық регламент талабы сәйкес келмеген. Барлығындадерлік таңбалау қағидалары бұзылған. Ал 8 ойыншықтың үлгісі физико-химиялық көрсеткіштер бойынша бала өмірі мен денсаулығына қауіп төндіргені анықталған. Яғни, ойыншықтарда токсикологиялық заттар – фенол, формальдегид, ксилол, метил спирті мен гептанның көлемі шекті мөлшерден асып кеткені белгілі болған.

«Зерттеуге алынған ойыншықтардың 0,1% ғана отандық өндірушілердің өнімі. 45,6% — Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерден, 53% — басқа мемлекеттерден жеткізілген. Талапқа сай келмейтін қауіпті ойыншықтардың басым бөлігі де басқа елдерден әкелінген. Соның ішінде Қытайдың үлесі басым – 62%, Ресейден – 28%, Өзбекстаннан – 1,6 % және шыққан жері көрсетілмеген ойыншықтардың үлесі – 2%»,-деді департамент басшысының орынбасары.

Предыдущая запись
Прием, еще один прием!
Следующая запись
​25 человек осудили по делу о финансовой пирамиде, состоящему из тысячи томов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню