446
Шымкентте Жергілікті полиция басқармасы «Мотокөлік» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. 17 қазанда басталған іс-шараның екі күнінде мотокөлік құралдарының жүргізушілері тарапынан жол қозғалысы ережесін бұзудың 245 дерегі анықталып, 1 мотокөлік айыптұраққа қойылды.
Қалалық Полиция департаментінің берген мәліметіне сүйенсек, жол ережесін бұзғандар пайдалануға тыйым салынғаннан кейін немесе белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік құралын басқарған, жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаған. Сонымен қатар тыныштықты бұзу, тиісті санаттағы көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның тізгіндеуі деректері тіркелген.