​Интерпол халықаралық іздеуде жүрген Шымкент тұрғынын елге қайтарды

Теги: ,
407

Ішкі істер министрлігі Интерполдың Ұлттық орталық бюросы Оңтүстік Корея еліндегі әріптестермен бірлесе отырып, халықаралық іздеуде жүрген Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы ведомствоның Telegram-каналы жазды. Ондағы мәліметке сүйенсек, әйелге кәмелет жасына толмаған баланы саудалап, жалған құжат жасады деген айып тағылған.

«Бұған дейін әйел азаматы қыз туып, оның құжаттарын қолдан жасаған. Биологиялық баласын үшінші тұлғаға беру үшін заңсыз әрекетке барған. Осыған байланысты фигурант халықаралық іздеуге жарияланды» делінген мәліметте.

Отандасымыз Оңтүстік Корея елінен депортацияланды. Қазақстанға келгеннен кейін оны Алматы әуежайының желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Предыдущая запись
​Шымкентте мотоцикл тізгіндегендер екі күнде 300-ге жуық жол ережесін бұзған
Следующая запись
​Казахстан экспортирует зерновые культуры в Грецию, а импортирует оттуда оливковое масло

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню