Қазақстанда қыс қандай болатыны туралы болжаммен Қазгидромет бөлісті

578

«Қазгидромет» РМК суық жартыжылдыққа маусымдық болжам жасады 2022 жылғы қарашадан 2023 жылғы наурызға дейін.

Синоптиктердік болжамына сенсек, қараша айында республиканың бүкіл аумағындағы ауа температурасы климаттық норма шамасында болжанады, жауын-шашынның таралуы келесідей күтіледі: ҚР батыс жартысында нормадан аз, шығысында — нормаға жуық.

Барикалық түзілімдер мен синоптикалық процестердің жиі өзгеруімен бір ай ішінде ауа температурасының ауытқуы, тұман және көктайғақ құбылыстары болжанады, ал қар жамылғысының орнатылуымен және елдің солтүстігінде желдің күшеюімен бұрқасын болуы мүмкін.

Қарашаның бірінші онкүндігінде әлі де жылы ауа райы сақталады, алайда айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына Солтүстік теңіз, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі енетін болады.

Маусымдық болжам жылына алты рет шығады: 1 рет жылы жарты жылдыққа арналған болжам, 1 рет суық жарты жылдыққа арналған болжам, олар Қазақстан Республикасының 17 облысы бойынша қыс, көктем, жаз және күзге арналған 4 тоқсандық болжамдармен нақтыланатын болатынын Қазгидрометте еске салуда.

Предыдущая запись
Какой будет зима в Казахстане, рассказали в Казгидромете
Следующая запись
Димаш Кудайберген готовится дать свой первый сольный концерт в Малайзии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню