Атлантикалық циклон жырасының ықпалымен және атмосфералық фронттардың өтуімен алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауады, түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда, батыста, шығыста, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – тұман күтіледі.
Республиканың басым бөлігінде 18-20 қазанда ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды.
Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін; солтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 7-12-ге дейін; елдің орталығында 3-8 жылыға дейін, күндіз 5-19 жылыға дейін жоғарылауы болжанады; шығыста түнде 5 градус аяз – 5 градус жылыдан 0-8 градус аязға дейін жоғарылауы болжанады, күндіз негізгі фон 5-13 градус жылы; оңтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін; оңтүстік-шығыста түнде 5 градус аяз — 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылыға дейін төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.