Салалық ведомство 2025 жылға қарай Қазақстан халқының 100%-ын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге уәде береді

268

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өтті.

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Әзімбек Нәлібаев төрағалық еткен басқосуға жауапты мекеме басшылары мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Бүгінде еліміздің 4 764 ауылдық елдімекенінде сапалы ауыз сумен жабдықтау жұмыстары толығымен аяқталды. Қалған 1 533 ауылдың 496-сында орталықтандырылған сумен жабдықтау құрылысы жоспарланған болса, тұрғындар аз қоныстанған 1 037 елді мекенде жергілікті бюджет қаражаты есебінен кешенді блок-модульдер орнатылмақ.

Жалпы алғанда 2025 жылға қарай еліміз бойынша сапалы ауыз суға қолжетімділікті 100 пайызға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл – «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асырылмақ.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне қолжетімділік 96 пайызды құрады. Оның ішінде, қалаларда 98 пайыз болса, ауылдық елдімекендердің үлес салмағы – 93 пайыз. Қазіргі таңда Атырау, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарындарындағы қала тұрғындары 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген», – деп атап өтті Комитет төрағасының орынбасары Ә.Нәлібаев.

Оның айтуынша, алдағы уақытта сумен қамтамасыз ету көрсеткіштері төмен өңірлерге басымдық беріліп, тиісті қаражат бөлінбек. Олардың қатарында Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облысындағы ауылдық елдімекендер бар.

Дерек көзі: МИИР РК

Алдыңғы пост
​ШҚО-дағы полицейдің жұмбақ өлімі: Марқұмның әріптесі қамауға алынды
Келесі пост
Кондукторлар жұмыссыз қалмайды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu