«Уильямсон» мінсіз қызғылт гауһартас 60$ млн-ға сатылды

647

Таңғажайып қызғылт гауһар бәссаудада шамамен 60 млн долларға сатылды.

Бұл оның күтілген құнынан бірнеше есе жоғары. Аукционның басында тастың бағасы шамамен 18 миллион болды, жарты сағаттың ішінде ол үш есе өсті.

Sotheby’s аукцион үйінің мәліметінше, үлкен тас жұма күні 453,2 млн гонконг доллары немесе шамамен 58 млн АҚШ долларына сатылды.

Бағалы тас әуелде шамамен 21 млн долларға сатылады деп күтілген.

Sotheby’s баспасөз релизіне сәйкес, «Уильямсонның қызғылт жұлдызы» атауымен белгілі 11,15 караттық қызғылт гауһар тарихта сатылымға ұсынылған ең таза, сирек кездесетін сұрыптардың біріне жатқызылған қызғылт гауһар тастардың бірі.

Асыл тас Танзаниядағы Уильямсон кенішінде өңделмеген 32 караттық алмастан кесілген. Оның өлшемі де, түсі де ерекше.

Тағы бір қызғылт гауһар қараша айында Женевада сатылады. Алмұрт тәрізді Fortune Pink деп аталатын тастың салмағы 18,18 карат. Лоттың бағасы 35 миллион долларға немесе 36 миллион еуроға жетуі мүмкін.

Дерек көзі: CNN

Предыдущая запись
Идеальный розовый бриллиант «Уильямсон» продали почти за $60 млн
Следующая запись
Профильное ведомство к 2025 году обещает обеспечить 100% населения Казахстана качественной питьевой водой

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню