​Жыл соңына дейін Шымкент Абай ауданы 100 ауыз сумен қамтамасыз етіледі%

Теги: ,
369

Бұл туралы аудан әкімі Бұхарбай Парманов Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің халықпен кезекті есеп беру кездесуінде мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының Абай ауданында 322 мыңнан астам тұрғын тұрады. Мұнда орналасқан 34 шағын ауданның 33-і ауыз сумен қамтамасыз етілген, ал бүгінде құрылыс жұмыстары тағы бір елді мекенде аяқталуға жақын. Жыл соңына дейін Абай ауданының халқы 100% таза сумен қамтамасыз етіледі.

«Өткен жылы Жаңаталап, Ынтымақ-2, Ақтас-2, Нұршуақ, Жаңа Тұрлан шағын аудандары сумен қамтамасыз етілді. Жыл соңына дейін Курсайда желілер құрылысы және абоненттерді қосу жұмыстары аяқталады», — деп атап өтті спикер.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, Нұршуақ, Жаңаталап, Батыс тұрғын алаптарын электрмен қамтамасыз ету жұмыстары аяқталуда. Жергілікті билік жаңа жылға дейін 4366 тұтынушыны үздіксіз электр қуатымен қамтамасыз етуге уәде берді.

Көгілдір отынмен 24 шағын аудан қамтамасыз етілді. Биылғы жылы газ құбырының құрылысы жеті нысанда, келесі жылы тағы үш нысанда жүргізілуде. Баяндамашының айтуынша, Абай ауданы 2024 жылы толығымен газдандырылады.

«Инфрақұрылым құрылысы кезең-кезеңімен, әр жылға жоспарланған. Біздің міндетіміз-халықтың басым мәселелерін шешу. Қала әкімдігінің тікелей қолдауымен алдағы екі жылда Абай ауданы бойынша су, газ, жарық мәселесі түбегейлі шешілетін болады. Тұрғындарға шыдамдылық пен түсіністік үшін алғыс айтамын», — деді ол.

Қазіргі уақытта Самал-3 және солтүстік-батыс шағын аудандарында кәріз жұмыстары жүргізілуде, бұл жұмыстар да жақын арада аяқталады. Келесі жылы 112 квартал шағын ауданында желілер құрылысы басталады. Осылайша, 2025 жылға дейін бұл мәселе инженерлік жүйемен 59% шешілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Үкіметінің отырысында қалалық және ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелері қаралған болатын.

Баяндама барысында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешев халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету Министрліктің басым міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Мәселен, Су кодексіне сәйкес Экология министрлігі елді мекендердің шекараларына дейін сумен жабдықтау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады және топтық су құбырларын салу және реконструкциялау жөніндегі бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.

Қазіргі уақытта республикада ұзындығы 15,5 мың км 76 топтық су құбыры бар, оның ішінде республикалық меншікте ұзындығы 13,4 мың км 39 топтық су құбыры бар, олар 1,4 млн.адамы бар 655 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Предыдущая запись
Шымкентте еңбек нарығында қандай мамандар сұранысқа ие
Следующая запись
Кентаулық тұрғын туысының үйіне ұрлыққа түскен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню