Қазақстан халқының саны 2050 жылға қарай 27 млн-нан асуы мүмкін

Теги: ,
286

Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн-ға, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін асуы болуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіндегілер хабарлады.

Мұндай болжамды «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болжамдау департаментінің сарапшылары дайындаған екен. Бұл болжам туу, өлім және көші-қон көрсеткіштерінің негізінде жасалыпты.

«Бұл ретте, егер өлім мен туу көрсеткіштері 2021 жылғы деңгейде, ал сыртқы және өңіраралық көші-қон 2017-2021 жылдардағы орташа мәнде сақталса, Қазақстан халқының саны 2030 жылға қарай 20 млн 958 мың адамға, ал 2050 жылға қарай – 27 млн 192 мың адамға жетеді», – деп атап өтті орталықтың Болжамдау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Ол «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» базалық жылға, туу деңгейіне, өлім-жітімге және көші-қонға байланысты әр өңір бойынша 27 негізгі сценарийді болжайтынын атап өтті. Сондай-ақ, халықтың санын осы негізгі көрсеткіштер шеңберінен тыс модельдеуге мүмкіндік беретін механизм жасалыпты. Мысалы, туу көрсеткішін жоғарылату немесе өлімді белгілі бір пайызға төмендету.

Департамент директорының мәліметінше, 2030 жылға қарай орталық сценарий бойынша халық саны Нұр-Сұлтан қаласында – 420 мың адамға немесе 33% — ға, 1,7 млн адамға дейін, Алматы қаласында – 414 мың адамға немесе 20% — ға, 2 млн 466 мың адамға дейін, Шымкент қаласында – 369 мың адамға, немесе 32% — ға, 1,5 млн адамға дейін өседі.

Ал Түркістан облысында халық саны 207 мың адамға, Маңғыстау облысында – 170 мың, Алматы облысында – 145 мың тұрғынға ұлғаяды. Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық санының қысқаруы күтілуде.

Сарапшылардың есептеріне сәйкес, 2050 жылға қарай болжамның орталық нұсқасын алып қарайтын болсақ, өсу бойынша көшбасшы Шымкент қаласы болады. Ондағы халық саны 1 млн 679 мың адамға артып, 2,8 млн адамға жетеді немесе 2022 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артады деп күтілуде. Нұр-Сұлтан қаласында өсім 1 млн 634 мың адамды құрайды, бұл 2,3 есе өсімге, 2,9 млн адамның көрсеткішіне сәйкес келеді. Алматы қаласында тұрғындар саны 3,5 млн адамға дейін немесе 1,4 млн адамға (2022 жылға қарай+69%) өседі. Маңғыстау облысында халық саны 820 мыңға өседі, нәтижесінде өңірдегі халық саны 1 млн 571 мың адамды құрайды.

«Біздің болжамымыз бен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің жаңа демографиялық болжамы ұқсас. Және сценарийге байланысты халық санының 2030 жылға қарай 20,8 млн-нан 21,5 млн адамға дейін, ал 2050 жылға қарай 23,5 млн-нан 27,7 млн-ға дейін өсуін болжайды», – деп атап өтті Дмитрий Шумеков.

Предыдущая запись
ДТП с 8 погибшими: водитель передал управление несовершеннолетнему
Следующая запись
Алматыда досының 11 жасар қызын зорламақ болған ер кісіге сот үкімі шықты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню