Бас прокуратура жалған ақпарат тарататын блогерлерге үндеу жасады

Теги: ,
330

Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев пайда табу мақсатында жалған ақпарат таратып жүрген блогерлерге үндеу жасады. Бұл туралы ведомство баспасөз қызметі хабарлады.

«Отандық ақпараттық кеңістікте және әртүрлі әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті. Бұл ретте олар жекелеген блогерлердің арандатушылық мәлімдемелерімен және әлеуметтік желілер пайдаланушыларының ұлттық алауыздықты тудыратын белгілері бар комментарийлерімен бірге жүреді. Нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал адамдарды ұстау және қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы жалған хабарламалар жариялануда»,-деді Жандос Өмірәлиев.

Мұндай фейктік мәліметтер қоғамдық жалған пікірді қалыптастырып ғана қоймай, сонымен бірге қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етуі әбден мүмкін.

«Осындай шынайлыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратуды көбіне блогерлер қасақана, өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін жүзеге асырады. Олардың мақсаты – жеке пайда табу және бопсалау арқылы материалдық табыс көру»,-деді деді Бас прокурор орынбасары.

Көрсетілген ұлттық алауыздықты қоздыруға, қорқытып алуға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер Қылмыстық кодекстің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын заңнаманы бұлжытпай сақтауға және жоғарыда келтірілген кез келген құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге, арандатушылыққа бой бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Предыдущая запись
​Қайрат Сатыбалды 6 жылға сотталды
Следующая запись
Шымкентте екі жас қыз құрбысының үйіне барып, ұрлық жасаған

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню