Алаяқтар енді салық төлеу қажеттігі туралы SMS жіберіп, халықты арбауға көшкен

Теги: ,
353

Мемлекеттік кірістер комитеті банктің мобильді қосымшалары арқылы пайдаланушыларға мүлік және көлік салығын төлеу қажеттілігі туралы жалған хабарламалар жіберумен байланысты алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді.

Осы ретте ведомстводағылар тұрғындарды алаяқтардан сақ болуға шақырып, өз кеңестерін ұсынды.

Хабарламаның фейк екенін қалай анықтаймыз?

Мыналарға назар аударыңыз:

— хабарламаны жіберушінің қате көрсету, мысалы «ҚР салықтары» АҚ»;

— мүлік салығын дұрыс төлеген кезде Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік кірістер басқармасы көрсетілуі керек. Мүлік салығы — жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша, ал көлік салығы – салық төлеушінің тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі;

— салықтарды төлеудің белгіленген мерзімдері бар: көлік салығы бойынша – 1 сәуірден кешіктірмей, мүлік салығы бойынша – 1 қазаннан кешіктірмей. Тиісінше хабарламалар осы мерзімге дейін әрбір салық бойынша жіберіледі.

Есте сақтаңыз:

— есептелген салық сомасын «kgd.gov.kz» сайтында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады;

— салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін «e-Salyq Azamat» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

«Салық органының барлық есептеулері және төленген салық сомалары салық төлеушінің дербес шотында көрсетіледі. Осыған байланысты анықтамалық ақпарат алу үшін жеке тұлғалар бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон нөмірі бойынша жүгіне алады. Хабарласу ақысыз», — деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер.

Предыдущая запись
Үш жылдан бері кілең 200 теңгелікті жинаған ер кісінің шыдамдылығына жұрт риза болды
Следующая запись
Прокуратура Туркестанской области потратит миллионы, чтобы написать портреты прокуроров

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню