433
Бес литрлік құтыға кілең 200 теңгелік тиынды жинаған ер кісінің видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Оның айтуынша, ол тиындарды үш жылдан бері жинап келеді.
Ер кісі қолындағы пышағымен құтыны кесіп, ішінен тиындар шашылып шығады.
Желі қолданушылары жиналған ақшаның нақты сомасын өздерінше болжап әлек болды. Олардың пікірінше, құтыдан шыққан ақша шамамен 1 миллион теңгеге жетеді. Енді бірі ондағы сома одан көп деп болжаса, келесі бірі ары кетсе 500 мың төңірегінде екенін атап өтті.
Видео авторының мәліметіне, жиналған ақша 630 мың теңгені құраған. Бұл 3 мың дана 200 теңгелік тиын бес литрлік құтыға сыйып кетті деген сөз.
Желі қолданушылары ер кісінің шыдамдылығына риза болып, жинаған ақшасы берекелді болуын тіледі.