Аз қамтылған отбасыдан шыққан мыңнан астам бала тегін сауықтырудан өтті

Теги: ,
357

Жыл басынан бері «Бөбек» орталығында аз қамтылған отбасылардан шыққан мыңнан астам бала тегін сауықтырудан өтті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Аталған орталық ведомствоға қарасты.

Ұлттық білім беру және денсаулық сақтау орталығы жыл бойы жұмыс істейді. Медициналық процедуралар мектеп бағдарламасына сәйкес оқумен біріктірілген. Сонымен қатар балалардың ой-өрісін кеңейту үшін экскурсиялар, қызығушылықтары бойынша үйірмелер мен шығармашылық шеберханалар ұйымдастырылған.

«Мемлекет көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан және жетім балаларды қолдау үшін барынша жағдай жасауда. Жыл басынан бері осы санаттардағы 1 мыңнан астам бала «Бөбек» орталығына тегін сауықтыру процедураларынан өтті. Бұл бағдарламаға 22 күндік сауықтыру курсы, 6 мезгілдік теңдестірілген дәрумендері бар тамақтану, дене шынықтыру, физиотерапиялық процедуралар кіреді» делінген министрлік ақпаратында.

Педиатрлар балалармен жас, физикалық және психоэмоционалдық жағдайды ескере отырып, жеке денсаулық бағдарламалары бойынша жұмыс істейді және жеке процедураларды таңдайды.

Қыркүйек айының басынан бері «Бөбек» орталығы Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарынан 140 баланы, соның ішінде Қостанай облысындағы өрт кезінде эвакуацияланған балаларды (31 адам) қабылдады.

Предыдущая запись
20 мыңнан астам шымкенттік туған қаласын ретке келтіру үшін тырма мен шанышқыны қолына алды
Следующая запись
Түлкібаста бір мезетте екі сарай өртеніп кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню