Сарыағаш ауданында оқушысымен жыныстық қатынасқа түскен педагог ісі сотқа жолданды

Теги: ,
380

Қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық іс сотқа жолданды. Педагогқа қатысты істі енді Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды.

Мектеп қабырғасында болған көптің жағасын ұстатқан оқиға ағымдағы жылдың көктемінде белгілі болды. Бұл туралы оқушы қыздың анасы полицияға арызданған.

«Сарыағаш аудандық ПБ-ға 30 мамыр күні жергілікті тұрғын арызданып, өзінің кәмелетке толмаған қызына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасалғаны бойынша хабарлама түсірген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 122-бабы 1-бөлігі «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де әрекеттер» бойынша тіркелді. 03.06.2022 жылы күдікті ретінде жас жігіт анықталып, ұсталды. Қылмыстық іс 09.08.2022 жылы ҚР ҚК-нің 122-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сараланды» деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Ведомство мәліметінше, педагог 9-сынып оқушысымен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскені анықталған.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалған. Істің толық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу амалдары 3 ай бойы жүргізілген.

Информатика пәнінің мұғалімі қамауға алынбай тұрып оқушысына үйленгені туралы видеомәлімдеме жасап, оны Facebook парақшасында жариялады.

Шулы оқиғадан кейін мұғалім жұмыс істеген мектептің бірқатар қызметкері жазаланды. Бұл туралы Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар айтты.

«Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Тугашев, А.Хайтметов және педагог-психологтар З.Исаметова, М.Хикматов атқарып отырған лауазымдарынан, ал оқушы қыздың сынып жетекшісі У.Хикматов атқарып отырған қызметінен босатылды. Ал директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары У.Сарыбаевқа және келеңсіз оқиға болған уақытта мектепте кезекші болған мұғалімдер М.Акрамова, Г.Хасанова, М.Камалдинов және М.Худайназароваға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік шара қолданылды. Мектеп директоры денсаулығына байланысты демалысқа шыққан. Директордың мәселесі еңбекке жарамсыз парағын әкеліп, жұмысқа шыққан соң бір-ақ қаралатын болады» делінген басқарма хабарламасында. Алайда әлі күнге дейін білім ұясы директорына қандай шара көрілгені белгісіз.

Предыдущая запись
Шымкент жекеменшік мектептерді қаржыландыруға өтінімдерде көшбасшы – қаржы орталығы
Следующая запись
Шымкент: несовершеннолетних накачивали наркотиками и заставляли заниматься проституцией

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню