Қазақстанда жер асты дүмпулерін тіркеудің цифрлық технологиялары енгізілуде

231

​Калининградта Қазақстан, Беларусь Ресей ТЖ министрліктерінің бірлескен алқасында «ХХІ Ғғасырдың цифрлық сейсмологиясы» бағдарламасы ұсынылды, деп хабарлайды Elitar,kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Табиғи және геологиялық жағдайлардың алуан түрлілігіне байланысты Қазақстан аумағы табиғи апаттардың көпшілігіне бейім.

Олардың бірі — жер сілкінісі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, жойқын жер сілкінісі сырғыма, сел, өрт, эпидемия сияқты қайталама қауіпті құбылыстар мен процестердің кең ауқымын тудырады.

Мұнда көп нәрсе уақтылы және сенімді сейсмикалық болжамға, халықты ерте хабардар ету жүйесіне, басқару органдары мен халықтың төтенше жағдайда әрекет етуге дайындығына, ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық іс-шаралар кешеніне байланысты.

Қазақстанда сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы жұмысты жақсарту жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу үшін 2021 жылы «Сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені» жол картасы 2023 жылға дейін әзірленді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі сейсмология ғылымы енді цифрлық технологиясыз жұмыс жасай алмайды.

Осыған байланысты, Қазақстан ТЖМ сейсмология институтымен бірлесіп осы салада цифрландыруды енгізу бойынша жұмыс жүргізуде.

Қазақстан аумағының 40%-ы сейсмикалық қауіпті аймақта және 30%-ы техногендік қауіп-қатерге бейім аймақта орналасқан. Бұл 400-ден астам қалалар мен елді мекендер, олардың тұрақты саны 10 миллионнан асады. Өнеркәсіптік әлеуеттің 40%-ы және экономика объектілерінің 50%-ы жоғарыда аталған алаңдарда орналасқан.

ТЖМ іргелі және қолданбалы жұмыстарды цифрлық технологияларға жаһандық көшіруді жоспарлап отыр. Осылайша Институт цифрлық сейсмикалық технологиялардың халықаралық хабына айналады.

«Осылайша, біз ведомствоаралық дағдарыс орталығын құруға кірісуге дайынбыз», — деп ТЖ алдын алу департаментінің бастығы Рүстембек Амрин атап өтті.

Предыдущая запись
Казахстан внедряет цифровые технологии регистрации подземных толчков
Следующая запись
2,2 млн казахстанцев получают пенсию, при этом средняя пенсия по стране — 109 тыс. тенге

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню