357
Жол апаты 12 қыркүйек күні Тәуке хан даңғылының бойындағы сауда орталық маңында болған. Орта жастағы әйел велосипедпен келе жатқан. Оны жүк көлігі қағып кеткен. Әйел азаматы оқиға орнында көз жұмды.
Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі (көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркеуге алды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Соның нәтижесіне сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады.