Түркістан облысында «Мәшһүр Жүсіп» ауылы құрылады

Теги:
382

Түркістан облысы, Сауран ауданында жаңа ауыл құрылады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында белгілі болды.

Сессия отырысында Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері қаралды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан елді мекен құрып, оған «Мәшһүр Жүсіп» атауы берілетін болды.


Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа елдімекенді құру туралы шешім қабылдамас бұрын алдымен халықтың пікірі ескерілген.

Отырыста бұдан өзге мәдениет, облыстық жер қатынастары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармалары басшыларының есебі тыңдалды.

Сессияда «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу секілді бас-аяғы 21 мәселе қаралды.

Алдыңғы пост
Шымкентте жүк көлігі велосипедтегі әйелді қағып өлтірді
Келесі пост
Екі ұлдан соң қыз туып берген әйеліне көлік сыйлаған ер азаматқа жұрт тәнті болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu