Өскеменде сейфтен 130 мың доллар ұрлаған бойжеткен ол ақшаға той жасап, пәтер сатып алған

Теги:
313

ШҚО-да 21 жастағы жас қыз үй иесінің сейфінен 61 млн-нан астам теңгені ұрлап алған. Бойжеткен бұл үйде үй қызметкері болып жұмыс істеп жүрген. Оқиға Өскемен қаласында болған.

«Облыс орталығының 35 жастағы тұрғыны 102 қызметіне жүгінген. Ол үйдің астыңғы қабатында орналасқан сейфтен шамамен 130 000 АҚШ доллары жоғалғанын, бұл шамамен 61 100 000 теңгені құрайтынын хабарлаған. Жәбірленушінің арызы бойынша полицейлер дереу қылмысты ашуға кірісті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің үй қызметшісі болып жұмыс істеген 21 жастағы бойжеткен болып шықты» деп атап өтті ШҚО Полиция департаментіндегілер.

Күдіктінің айтуынша, ол ағымдағы жылдың тамыз айының басында сейфтен алғаш рет 10 000 АҚШ долларын ұрлаған және ол ақшаға шетелде демалып келген. Демалыстан келген бойжеткен үй иелері ақшаның жоғалғанын байқамағанын түсініп, әрі қарай ештеңе болмағандай сол үйде жұмысын жалғастырған.

Бір айдың ішінде үй қызметкері сейфтен 130 000 АҚШ долларын алып шыққан. Бұл ақшаға ол үйлену тойын жасаған, пәтер және көлік сатып алған.

«Қазіргі уақытта 21 жастағы қылмыскер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (ірі көлемде жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» делінген ведомство мәліметінде.

Алдыңғы пост
Жүргізуші куәлігін сатып алмақ болған ер кісі алаяқтың құрбаны болды
Келесі пост
Шымкентте жүк көлігі велосипедтегі әйелді қағып өлтірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu