Шығыс Қазақстан обысының орталығы Өскемендегі ломбард менеджері ондағы қомақты қаржыны қолды еткен. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, осылайша күдікті ірі көлемдегі ақша қаражатын талан-таражға салған.
Ломбард директорының айтуынша, қызметкері ойдан шығарылған, сәйкес келмейтін кепіл билеттерін пайдалана отырып, кассадан 12,5 млн теңгеден астам ақшаны иемденіп алған. Арызды қабылдаған криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде 37 жастағы менеджер өз кінәсін мойындаған.
«Күдікті әйел полицияға оңай жолмен материалдық жағдайын жақсартқысы келгенін айтқан. ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп атап өтті департаменттегілер.