Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының тұрғыны өз құрбысының құрбаны болды. Жәбірленушінің айтуынша, үйіне келген құрбысы екі алтын сақинасын ұрлап кеткен. «Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. Жедел-іздестіру шаралары кезінде күдікті анықталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Айғақты заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.
Тексеру кезінде анықталғандай, күдікті мен жәбірленуші жақын құрбылар. Жәбірленуші әйел танысына алдағы болатын тойға алған алтындарын көрсеткен. Осы сәтте күдікті әйел алтын бұйымдарды көріп болған соң оны қорабына салып қойғандай кейіп танытып, ұрлап алған екен.