Алматыда құрақ шөпті әдейі өртеген адамның өзі өрт сөндіруші болып шықты

Теги:
428

Алматы облысында даладағы құрғақ шөпті әдейі өртеген адамның өзі өрт сөндіру қызметінде істейтін болып шықты. Ол Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі екен.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, белгісіз ер кісінің өрт қойғаны туралы видео әлеуметтік желілерде тараған соң ведомство қызметтік тергеп-тексеруді бастаған. 39 жастағы азамат бұл әрекетке мас күйде барған екен.


«Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты Жанат Ерғалиұлы Өтеулиев. 1983 жылы дүниеге келген ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Оны Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі және 505-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды» делінген министрлік мәліметінде.

Өрт сөндірушінің өзі шөпті өртеу себебін күннің салқын болып, жаурауымен байланыстырған. Ол Қазақстан халқынан кешірім сұрады.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысындағы құрғақ шөпті белгісіз ер азамат әдейі өртеді деген видео тараған болатын.

Алдыңғы пост
Шымкентте қаңтар оқиғасымен сотталған әйел ісі қайта қаралып, сот залынан босатылды
Келесі пост
«Сыйақы береміз» деп бейтаныс адамды алдап соққан шымкенттік әйел ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu