Үйленгеніне 39 жыл болған ерлі-зайыптының балалары тосын сый жасады

Теги: ,
446

Отау құрғандарына 39 жыл болған ер мен әйелдің балалары бұл датаға орай ерекше тосын сый жасады. Бұл сәттің видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жариялады.

Бейнежазбада ерлі-зайыптылар жиен немересінің бесік тойынан келгені, айтулы күнді мүлдем естерінен шығарғанын жазған.

Қонақтан келген оларды балалары көздерін матамен байлап, ер кісінің кеудесіне гүл, ал анасына фата тағып қояды. Көздерін ашқан ерлі-зайыптылар тосын сыйға ерекше қуанады. Ал перзенттері шашу шашып, тіпті лента қидырады. Мұнан соң ер кісі жұбайының фатасын ашып, маңдайынан сүйеді. Келіні айтулы күнге орай тәтті тортты табыстайды.

Видеоны көрген желі қолданушылары орта жастағы ер мен әйелдің перзенттерінің бұл әрекетіне риза болды.

«Жарайсыңдар, міне тосын сый», «Қандай керемет, бақытты болыңыздар», «Тамаша, құтты болсын», «Алла енді алтын тойды тойлауды нәсіп етсін», «Бізге де жұғысты болсын», «Өмірлері ұзақ болып, екі дүниенің рахатын көрсін», «Ата-аналарыңа Алла қуат берсін. Жұптары жазылмай, 100-ге келсін» деп жазды желі қолданушылары.

Предыдущая запись
Түркістан облысында оқушы қыздар қоқыс жинайтын робот құрастырды
Следующая запись
​Пожарный сгорел заживо, помогая тушить пожар в Жарминском районе

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню