Түркістан облысында оқушы қыздар қоқыс жинайтын робот құрастырды

Теги: ,
293

Түркістан облысы, Келес ауданындағы №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-гимназияның 9-сынып оқушылары Ұлмекен Шалдыбаева мен Нұрсила Аманбай қоқыс жинайтын робот құрастырып шықты. Олар «Қоқыс жинайтын робот» тақырыбындағы зерттеу жұмысын жазу барысында бұл саланың өзекті мәселелерін терең зерттеген екен.

Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздардың бұл тақырыптағы ғылыми ізденісі «Оқушылардың аудандық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар» конкурсында жоғары бағаланған.


Оқушылардың ғылыми жетекшісі — информатика пәнінің мұғалімі. Оның айтуынша, ғылыми жобаның мақсаты — робот техникасының негіздерін, қолдану салаларын, олардың түрлерін, мүмкіндіктерін зерттеу.

«Бүгінде роботтар — қарқынды дамып келе жатқан болашақтың жоғары технологияларының бірі. Олар өміріміздің көптеген саласына, атап айтқанда, ғарышты игеру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларға еніп үлгерді. Әсіресе өндіріс орындарында көбірек пайдаланылады. Оқушылар жеке тәжірибе арқылы роботтың жұмыс жасау принциптерін бақылады. Жас зерттеушілер бұл жобамен бірнеше жылдан бері айналысып келеді»,- деді педагог Аягөз Жораева.

Жас зерттеушілер болашақта компьютерлік IT технологияларды меңгеру, программист мамандығын меңгергісі келеді екен.

Предыдущая запись
​Руководитель управления образования поставила точку в вопросе о запрете спортивной обуви в школах Шымкента
Следующая запись
Үйленгеніне 39 жыл болған ерлі-зайыптының балалары тосын сый жасады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню