406
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментіндегілер 33 жастағы тұрғынның заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғанын анықтаған. Ол ағымдағы жылдың наурыз-сәуір айларында екі пәтерді жалға алып, ойынхана жұмысын жүргізген. Заттай дәлелдеме пәтерден 20 компьютер, 4 «ZOOM» ойын аппараты, 1 модем, ақша алынған.
Агенттіктің мәліметінше, сот үкімімен оның кінәсі дәлелденді. Оған 200 айлық есептік көрсеткіш (3063х200=612 мың тг) көлемінде айыппұл салынды.