Түркістан облысында ер кісі мүгедек көршісін алдап кеткен

Теги: ,
219

Түркістан облысы, Сайрам ауданында мүмкіндігі шектеулі әйел көршісіне алданды. Жәбірленушінің айтуынша, оның ауылдасы мүгедектік зейнетке шығарып беремін деп 400 000 теңге ақшасын алған. Алайда жарты жылдан аса уақыт өтсе де берген уәдесін орындамай созбалыққа салып жүрген. Амалы таусылған тұрғын полицияға арызданған.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Белгілі болғандай, күдікті ер адам несиесін жабу үшін осындай әрекетке барған екен. Ол жәбірленушіден алған ақшаны бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген.

Предыдущая запись
Более четырех миллионов тенге задолжал отец своей дочери
Следующая запись
Заңсыз ойын бизнесін ашқан қызылордалыққа сот үкімі шықты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню