Түркістан облысында тойға келген жас жігіт үйді тонап кетті

Теги: ,
308

Түркістан облысы, Түлкібас ауданында туысының тойына келген жігіт жергілікті тұрғынның үйіне ұрлыққа түскен. Үйге байқатпастан кірген ол жатын бөлмеде тұрған «Айфон 12» және «Айфон 13» ұялы телефондарын қолды еткен. Кейіннен телефондарды ломбардқа өткізіп жіберіпті.

Ұры түскенін білген үй иесі дереу полицияға арызданған. Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер жәбірленуші әйелдің шағымы ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынғанын айтты. Келтірілген шығын көлемі 700 000 теңгені құраған.

«Осы қылмысқа қатысы бар Қызылорда облысының тұрғыны анықталды. Белгілі болғандай, күдікті жігіт Түлкібас ауданына туыстарының тойына барған. Тойдан шыққан ол жергілікті тұрғынның үйіне байқатпай кіріп, ұрлыққа түскен. Осыдан соң бөтеннің мүлкін ломбардқа өткізген. Полицейлер айғақты зат ретінде ұялы телефондарды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Полиция департаментіндегілер.

Предыдущая запись
Ақтауда мас жүргізуші жолда тұрған 6 көлікті соқты
Следующая запись
Антикор решил проверить деятельность КТЖ в третьем мегаполисе

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню