Ақтауда мас жүргізуші жолда тұрған 6 көлікті соқты

Теги: ,
265

Ақтауда ішімдік ішіп алған жүргізуші жолда тұрған қымбат алты автокөлікті соғып кетті. Оқиға сағат түнгі 01:30 шамасында №19 шағынауданында болған. Polisia.kz жазуынша, №35 үйге қарама қарсы жолда жеті автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ Toyota Camry автокөлігінің мас жүргізушісі үй алдында бүйірлік қашықтықты сақтамай, Toyota Prado, Nissan Tiida, Kia Optima автокөліктеріне соқтығысқан. Бұдан кейін ол автомобиль жолына шығып, қозғалыссыз тұрған Honda Odyssey көлігін барып соққан. Спирттік ішімдік ішкен ер азамат мұнымен тоқтап қалмайды. Бұдан әрі кедергі туындағанын ескерместен жылдамдықпен барып Toyota Land Cruiser және инерция бойынша Toyota Camry автокөліктерімен соғылған.

Жол апатынан зардап шеккендер жоқ. Мас жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-тің 608-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол қалалық әкімшілік соттың шешімімен 20 тәулікке қамауға алынды.

Предыдущая запись
«Чем терпеть, лучше умереть». В Таразе задержан подозреваемый в убийстве солдата
Следующая запись
Түркістан облысында тойға келген жас жігіт үйді тонап кетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню